Created: 06 Ақпан 2020
746

Біз туралы

"Экономика және құқықтану" колледжі мемлекеттік емес мекемесі

 

Еңбек нарығының сұранысына сәйкес  бүгінгі күннің өзінде бізді  болашақ кәсіби мамандар даярлау аса толғандырады. Ең негізгісі дұрыс оқу орнын  таңдау және жақсы кәсіби дайындық алу.   "Экономика және құқықтану" колледжі мемлекеттік емес мекемесі, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кентінде ашылған ең алғашқы колледж болып табылады. Колледждің негізі 1998 жылы 16 қазанда қаланды. Колледж 2014 жылы Мемлекеттік аттестациядан нәтижелі өтіп,  берілген  №14016055 білім беру лицензиясымен жұмыс атқарып келеді.  Біздің колледжде қазіргі заманға лайықты білім алу үшін қажетті барлық жағдайлар жасалған.

 

Колледждің негізін қалаушы Қозыбакова Фатима Акынбайқызы болып табылады. Ф.А.Козыбакова Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ тарих, археология және этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты. Жалпы ғылыми-педагогикалық қызмет стажы - 33 жыл.Осы 33-жыл ішінде Ф.А.Қозыбакованың атқарған қызметі мен жетістіктерін атап айтатын болсақ: 1997 жылы "Қазақстан ауыл шаруашылығындағы "қанаушы топтарды" және жекешелер қожалықтарын жою тарихы, салдарлары" (1926-1933жж) атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады. 1998 жылы "Қазақ байларын тәркілеу тарихынан" атты монографиясы жарыққа шықты. Сонымен қатар, "Қазақстандағы кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйенің экономикалық саясаты: нәтижесі және сабақтары (1920-1941жж)" атты оқу құралын шығарды. "Қазақстандағы кеңестік биліктің төтенше экономикалық саясаты (1920-1930жж)" атты монографиясы дайындалып, баспаға ұсынылды.Ф.А. Қозыбакова 2 монография және 12 оқу құралының авторларының бірі. Алматы "Қазақ университеті" 2005 жылы шыққан Білім және Ғылым Министрлігінің грантын жеңіп алған оқулықтарының авторларының бірі. 100-ден астам ғылыми және оқу-әдістемелік мақалалар жарияланған. 2 типтік оқу бағдарламасының, 3- электронды оқулықтарының авторы. 2009-2010 оқу жылында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарих факультетінің "Үздік оқытушы" атағын иеленді.

 

«Кәсіби білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы негізінде оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын енгізе отырып, оқушылар мен оқытушылардың кәсіби сапасын көтеруді негізгі мақсат ретінде ала отырып, қазіргі таңда колледж «Құқықтану» - 0201000, «Есеп және аудит» - 0518000, «Қаржы» - 0516000, «Ақпараттық жүйелер» (салалары бойынша) – 1305000 мамандықтары бойынша біліммен сусындатып келеді.  Қозыбакова Фатима Акынбайқызының басшылығымен қазіргі таңда колледж көптеген ғылыми конференцияларға қатысып, білім алушылар мен оқытушылар алғыс хаттар иегерлері атанып жатыр. Сонымен қатар колледж оқытушылары аудандық, облыс және республикалық «Білікті педагог», «Халықаралық ХІІ Байқоңыров оқулары материалдарының жинағы», «Абай атындағы  ҚазҰПУ университетінің жаршысы», «Шың баспасы», «Алматы ұстазы», «Іле таңы», «Ұстаз.kz» және тағыда басқа баспа беттеріне өздерінің мақалаларын жариялап келеді.

 

"Экономика және құқықтану" колледжін бітірген көптеген түлектер республикалық барлық аумақтарын қамтып, қызмет атқарып келеді. Айтап айтатын болсақ, 1998 - 2015 жылдар аралығындағы түлектері Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ – ның оқытушысы, Алматы қаласының Түрксіб ауданының  Ішкі істер басқармасының қызметкері, Астана қаласының Ішкі істер басқармасының бас маманы, Іле ауданы Прокуратурасы, Іле аудандық  қаржы бөлімі, Іле ауданы әкімдігінде және тағы да басқа мекемелерде қызмет атқарып келеді.

 

Ұжымда жұмыс істейтін кез – келген қызметкерлер үшін ең үлкен марапат – өз еңбегінің жемісін көру болып табылады. Қазіргі таңдағы колледж ұжымында жоғары және І санатты оқытушылар, магистрлар жұмыс атқарады. Колледж әкімшілігі:

  1. Қозыбакова Фатима Акынбаевна – колледж құрылтайшысы;
  2. Нургазиева Айгуль Бейбитовна - колледж директоры;
  3. Абубакирова Жадыра Жанабаевна - директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
  4. Корабаева Еркеш Ахаевна - бас есепші және экономика пәндерінің оқытушысы;

Колледж ұжымы ауданымызда өткізілетін барлық қоғамдық жұмыстарға және іс шараларға белсене атсалысуда.

 

 

Колледж ұжымының жетістіктері:

2008жылы "Ұлт денсаулығы-жалпы ұлттық міндет" ұранымен өткізілген "Денсаулық Фестиваліне" жоғарғы ұйымшылдықпен белсене қатысқаны үшін "Экономика және құқықтану" колледжі марапатталады.

 2009 жылы Іле ауданы бойынша Салық басқармасы "Экономика және құқықтану" колледжінің директорына, тәжірибе жетекшісіне, сонымен қатар көптеген ұстаздар алғыс хатпен марапатталды.

 2010 жылы Ауданның әлеуметтік-экономикалық байлығын дамытып арттырумен, қоғамдық-саяси өмірінің өркендеуіне қосқан үлесі үшін "Экономика және құқықтану" колледжі марапатталды.

2012 жылы Іле ауданы Бүкіл әлемдік жастар күні және Халықаралық студенттер күніне орай Алматы облыстық партия филиалының ауыспалы кубогына өткізілген "Асқақта, елім!" тақырыбындағы көңілділер мен тапқырлар клубы ойынына "Экономика және құқықтану" колледжінің "Қазақтың қазағы" командасы марапатталды.

2015 жылы желтоқсан айында болған оқиға бойынша оқытушылар мен оқушылардан жедел операциялық топ құрылып көмекші, волонтерлер ретінде қатысып, тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және аса ауыр қылмысты ашуға қосқан үлесі үшін, Алматы облысы Ішкі істер Департаментінің бастығы полиция генерал майоры М.Ұрұмхановтың алғыс хатымен марапатталды.

2015 жылы 16 желтоқсан айында "Тәуелсіздік күні" мерекесіне орай Қазақстан Республикасының "Ұлттық бизнес-рейтинг" колледжімізге "сала көшбасшысы" статусын беріп, колледждің оқытушыларын да ұлттық сертификаттармен марапатталды.

"Экономика және құқықтану" колледжінің алдағы уақыттағы - білім беруде жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланып, келешек ұрпақтың ғылымға деген қызығушылығын арттыра отырып, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау; жаңа ақпараттық құралдарын пайдалану технологияларын жүзеге асыру арқылы ғылыми жұмыстың тиімділігімен сапасын көтеру; жаңа технологиялар жүйесінің әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы мұғалімдердің білікті білімдерін көтеру.