Created: 06 Ақпан 2020
548

Колледж тарихы

Білім беру ордасын ашу, еңбек нарығының сұранысына сәйкес мамандарды даярлау колледжіміздің негізін қалаушы Қозыбақова Фатима Ақынбайқызының идеясы болды. Ф.А.Қозыбакова Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих, археология және этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты болып табылады. Жалпы ғылыми-педагогикалық қызмет өтілімі – 37 жыл. Осы білім беру саласында еңбек етуінің әсері болар, Ф.А.Қозыбақова «Экономика және құқықтану» колледжін ашқан. 

 

Алматы облысы, Іле ауданы бойынша ең алғашқы ашылған кәсіптік білім беру мекемесі біздің «Экономика және құқықтану» колледжі болып табылады. Колледж 1998 жылы негізі қаланып, бүгінгі күнге дейін біліммен сусындандырып келеді. Незігі қаланған күннен бері колледжміз көптеген мамандарды даярлап шықты, олар: заңгер, экономист, қаржы мамандары, техник, есепшілер мен мұғалімдер. Біздің түлектер Қазақстанның кез келген жұмыс орындарында қызмет атқарып келеді. Колледж Іле ауданында орналасқандықтан болар, аудан бойынша мекемелерде біздің түлектер мамандықтары бойынша жұмыс жасайды.

 

Кез келген адам үшін оқу орнын, мамандығын таңдау ең басты, маңызды қадам болып табылады. Өйткені ол болашаққа жол ашу, мамандық таңдау барысында көптеген сұрақтармен қиындықтарға тап боласыздар, бірақ адам өз бойындағы қасиетерін негізге алғаны жөн.

 

Біздің колледж Іле ауданының орталығында орналасқан. Колледжіміздің аудиториялары кең, жаңа заман талабына сай білім беру жабдықтарымен ақпараттық технологиялармен жабдықталған. Сонымен қатар кітапхаана қоры, оқу – әдістемелік әдебиеттері бар.

 

Колледж 9 және 11 сынып түлектрін оқуға қабылдайды. 11 сынып түлектерінің мамандық алу мерзімі қысқартылған.

 

Колледждің педагогтар ұжымы өте ұйымшыл. Бүгінгі күні 15 мұғалім жұмыс атқаруда, олардың жоғары және бірінші деңгейлі категориялары бар. Біздің мұғалімдер білім беру саласында көптеген жылдар бойы қызмет атқарып келе жатқан мамандар. Олар заман талабына сай білімдерін шыңдап отырады.

 

Сапалы білім аламын деген талапкерлерге есігіміз әрқашан ашық. Біз Сіздерді асыға күтеміз!